Палестинаға көмек ретінде жинаған ақшаға бизнес ашып алған: Перизат Қайрат пен анасының қылмыстық схемасы әшкере болды
Астанада өтіп жатқан сот процесінде прокурор Арман Кезекен Перизат Кайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның 2021 жылдың қарашасынан бастап 2023 жылдың қазанына дейін жалпы сомасы 126 миллион 744 мың теңге көлемінде аса ірі алаяқтық жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.

Астанада өтіп жатқан сот процесінде прокурор Арман Кезекен Перизат Кайрат пен анасы Ғайни Алашбаеваның 2021 жылдың қарашасынан бастап 2023 жылдың қазанына дейін жалпы сомасы 126 миллион 744 мың теңге көлемінде аса ірі алаяқтық жасағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.
Айыптау нұсқасы бойынша, олар қайырымдылық көмек ретінде жиналған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Мәселен, 2023 жылы 1 қараша мен 1 сәуір аралығында Kaspi Bank қосымшасындағы «Қайырымдылық» бөлімінде тіркелген қоғамдық ұйымның шотына 566 миллион теңгеден астам қаржы аударылған. Алайда, оның тек 7,4 миллионы ғана Палестина елшілігіне аударылып, қалған 559 миллион теңге Кайрат пен Алашбаева тарапынан жеке мақсаттарға пайдаланылған.
Қаражатқа қымбат қонақүйлерде тұру, мейрамханаларға бару, көлік жалдау, шетелдік және ішкі әуе рейстеріне билет алу, сонымен қатар Mercedes-Benz көлігі мен 86 миллион теңгеге пәтер сатып алу кірген. Сондай-ақ, Кайрат 178 миллион теңгені гуманитарлық көмек пен отын сатып алуға деп көрсетіп, белгісіз компания шотына аударған.
Прокурордың айтуынша, олар заңсыз алынған ақшаны заңды табыс етіп көрсету мақсатында гүл салоны бизнесіне инвестиция құйып, келісімшарттағы сома әдейі төмендетілген.
Іс ҚР ҚК 190-бабы 4-бөлімі 2-тармағы (ақпараттық жүйені пайдаланып, адамдар тобымен жасалған аса ірі алаяқтық) бойынша қаралуда.
Сот отырысында Перизат Кайрат өзіне СИЗО қызметкерлері тарапынан қысым жасалғанын, ұрып-соққандар болғанын айтты.
Айта кетейік, сотта БАҚ өкілдерінің қатысуына тыйым салынды. Сонымен қатар, Кайраттың жоғары білімі жоқ екені белгілі болды.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·