Todayinfo.kz
NewsView all articles

Павлодар облысында бала зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр

Павлодар облысында кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің ұсталғанын растады. Әлеуметтік желілерде жәбірленуші қыздың анасынан бейнеүндеу тарады. Оның айтуынша, үш айға созылған тергеу отбасы үшін ауыр сынақ болғанымен, к

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Павлодар облысында бала зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр
Павлодар облысында кәмелетке толмаған балаға қатысты зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктінің ұсталғанын растады.

Әлеуметтік желілерде жәбірленуші қыздың анасынан бейнеүндеу тарады. Оның айтуынша, үш айға созылған тергеу отбасы үшін ауыр сынақ болғанымен, күдікті ұзақ уақыт бостандықта жүрген.

Павлодар облыстық полиция департаменті қылмыстың болғанын ресми түрде растады. Құзырлы орган өкілдері:

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде. Іс аяқталуға жақын, толық әрі жан-жақты тергеу қамтамасыз етіледі. Материалдар сотқа жолданады", – деп хабарлады.

Полиция қосымша ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмейтінін атап өтті.

Зардап шеккен қыздың отбасы істің толық тергеліп, сотқа жетуін күтуде.

Related

Павлодар облысында бала зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр · Todayinfo