Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеген

[Железин ауданында жүргізілген прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткені анықталды. Мысалы, балабақшалардың бірінде кісі өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген. "Бірнеше

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеген
[Железин ауданында жүргізілген прокурорлық тексеріс барысында ауыр қылмыс жасаған, сондай-ақ психикалық аурулары бар адамдардың білім беру ұйымдарында қызмет еткені анықталды. Мысалы, балабақшалардың бірінде кісі өлтіргені үшін сотталған адам шамамен 5 жыл жұмыс істеген.
"Бірнеше білім беру мекемесінде ұрып-соққаны және соққыға жыққаны үшін жауапқа тартылған жұмысшылар анықталды. Мұндайға еңбек заңнамасында тікелей тыйым салынған. Железин аудандық прокуратурасы қабылдаған шаралардың нәтижесінде жоғарыда аталған адамдар жұмыстан шығарылып, басшылары тәртіптік жазаға тартылды", – деп хабарлады Павлодар облысы прокуратурасының баспасөз қызметі. 
Прокурорлардың сөзінше, жалпы 500-ден астам кәмелетке толмаған азаматтың құқығы қорғалған.  

Related

Павлодарда кісі өлтіріп, сотталған адам 5 жыл балабақшада жұмыс істеген · Todayinfo