Todayinfo.kz
NewsView all articles

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы қаза тапты. Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo . Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Болжа

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды

Павлодарда көшедегі құбырды тазалаған жұмысшы қаза тапты. Абайсызда болған өлімге қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Болжаммен, 12 шілде күні таңертең Н. Назарбаев даңғылы, 17/1 мекенжайы бойынша ЖШС бірінің қызметкері нөсер кәрізінде құбырларды тазалау кезінде басынан алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Жұмысшы қорғаныш каскасыз болған.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.

Related

Павлодарда жұмысшы кәріз тазалап жүріп қайтыс болды · Todayinfo