Todayinfo.kz
NewsView all articles

Перизат Қайрат колонияда тазалаушы болып жұмысқа тұрды

Қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. «Сотталушы сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр және қазірдің өзінде жұмысқа орналасты

By Айғаным Нариманова··1 min read
Перизат Қайрат колонияда тазалаушы болып жұмысқа тұрды
Қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырып, 10 жылға сотталған Перизат Қайрат колонияда жұмысқа орналастырылды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
«Сотталушы сот шешіміне сәйкес қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатыр және қазірдің өзінде жұмысқа орналастырылған. Ол қызметтік үй-жайларды тазалау жұмыстарын атқарады», - делінген жауапта.
Айта кетейік, Перизат Қайратқа тиесілі болған 79 млн теңгелік Mercedes автокөлігі аукционға шығарылған еді. Алайда кейін ол мемлекеттік органның балансына берілді. Көлікті нақты қай мекеме алғаны әзірге белгісіз. Тасқын кезінде халықтан жиналған қаражатты мақсатсыз пайдаланған Перизат Қайрат 10 жылға, анасы 7 жылға сотталған болатын.

Related

Перизат Қайрат колонияда тазалаушы болып жұмысқа тұрды · Todayinfo