Todayinfo.kz
NewsView all articles

Перизат Қайрат пен анасы 3 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен сотқа жіберілді

Қазақстандық танымал блогер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберілді. Бұл туралы Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Todayinfo .kz . Қайырымдылық желеуімен 3 милл

By Айғаным Нариманова··1 min read
Перизат Қайрат пен анасы 3 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен сотқа жіберілді

Қазақстандық танымал блогер Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты қылмыстық іс Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жіберілді. Бұл туралы Бас прокуратура ресми мәлімдеме жасады,деп хабарлайды Todayinfo.kz.

Қайырымдылық желеуімен 3 миллиард теңге жымқырған

Бас прокуратураның хабарлауынша, аталған тұлғалар: «Қазақстан Республикасының азаматтары мен ұйымдарынан мүгедек балаларға, сондай-ақ су тасқыны мен Таяу Шығыстағы қақтығыстан зардап шеккендерге қайырымдылық көрсету желеуімен 3 миллиард теңгеден астам қаржыны жымқыруда айыпталып отыр», – делінген хабарламада.

Қылмыстық іс соттың қарауына берілді

Бұған дейін бұл іс Бас прокуратураның өндірісіне өткен болатын. Енді тергеу аяқталып, материалдар сотқа жолданды. Қазіргі таңда сот отырысының күні әлі жарияланған жоқ.

Related

Перизат Қайрат пен анасы 3 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен сотқа жіберілді · Todayinfo