Todayinfo.kz
NewsView all articles

Перизат Қайратқа тағылған айыптар күшейтілді

Перизат Қайрат пен анасы қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталуда. ҚМА істің егжей-тегжейін жария етті, деп хабарлайды Todayinfo. 2021–2024 жылдар аралығында блогер Перизат Қайрат халықты бірнеше рет қайырымдылыққа шақырып, түрлі мақсаттар үшін ақша жинаға

By Айғаным Нариманова··2 min read
Перизат Қайратқа тағылған айыптар күшейтілді
Перизат Қайрат пен анасы қайырымдылыққа жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталуда. ҚМА істің егжей-тегжейін жария етті, деп хабарлайды Todayinfo. 2021–2024 жылдар аралығында блогер Перизат Қайрат халықты бірнеше рет қайырымдылыққа шақырып, түрлі мақсаттар үшін ақша жинаған. Ол қаражаттың мұқтаж балаларға, Палестина халқына және су тасқынынан зардап шеккендерге бағытталатынын айтып сендірген. Алайда, Қаржы мониторинг агенттігінің (ҚМА) 4 сәуірдегі мәліметінше, бұл қаражат шын мәнінде өзінің және анасы Ғайни Алашбаеваның есепшоттарына аударылып, жеке қажеттіліктеріне жұмсалған. Агенттік таратқан ақпаратқа сәйкес, Перизат Қайрат әсіресе 2024 жылдың көктемінен бастап қараша айына дейін белсенді әрекет еткен. Осы уақыт аралығында ол "Biz Birgemiz Qazaqstan 2030" қайырымдылық қоры арқылы 2,8 млрд теңге жинап, оны мақсатсыз пайдаланған. Жалған келісімшарттар жасау арқылы ақша қолма-қол алынып, зергерлік бұйымдар, жиһаз, киім, қымбат сағаттар мен саяхат шығындарына жұмсалған. Блогер су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсету сылтауымен 16 жеке кәсіпкермен келісімшарт жасасқан. Алайда, аталған келісімдер іс жүзінде орындалмаған. Нәтижесінде миллиард теңгеден астам сома қолма-қол ақшаға айналдырылған. Сол қаржының 72 миллион теңгесі анасының шотына аударылып, кейіннен Перизат Қайрат оны шешіп алып, 6,9 млн теңге тұратын Rolex сағатын сатып алған. ҚМА мәліметінше, блогер 2024 жылдың қаңтарында Палестина еліне көмек ретінде де қаражат жинаған. Бірақ ол ақша шетелге аударылмай, "Rebel Flowers" ЖШС бизнесін сатып алуға пайдаланылған. Бұл бизнес келісімшартта 2 млн теңгеге бағаланғанымен, шынайы құны 23 млн теңге болған. Ал компанияның 2024 жылғы табысы 69 млн теңгеге жеткен. Қымбат мүлік пен сән-салтанатқа кеткен қаржы Перизат Қайрат жымқырған ақшаның бір бөлігіне:
  • 4 автокөлік
  • 4 пәтер
  • 2 автотұрақ орны
  • Жеке үй
  • Ғимарат
  • Жер телімі
  • сатып алынған. Сонымен қатар, қымбат сөмкелер мен аяқ киімге – 158 млн теңге жұмсалған. Қазіргі таңда анықталған мүліктің жалпы құны 865 млн теңгені құрайды.
Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Перизат Қайрат қамауға алынса, анасы үйқамақта отыр. Қылмыстық іс аясында қос тарапқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда.  

Related

Перизат Қайратқа тағылған айыптар күшейтілді · Todayinfo