«Сұрау салуда көрсетілген сотталған сот шешіміне сәйкес мекемеде жазасын өтеп жатыр. Қазіргі уақытта мекемеде бос жұмыс орындарының болмауына байланысты сотталған жұмысқа тартылмаған», – деп жауап берді ҚАЖК.
Комитет мәліметінше, қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде 35 кәсіптік және техникалық білім беру ұйымы жұмыс істейді.
«Аталған ұйымдарда сотталғандар 48 мамандық бойынша білім ала алады. Атап айтқанда: тігінші, аспаз, қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырушы, кондитер-сәндеуші, тігін өндірісі және киім үлгілеу, модельер, әрлеу-құрылыс жұмыстарының шебері, ара шаруашылығы, шаштараз өнері, есептеу техникасы және ақпараттық желілер және басқа да мамандықтар бар», – делінген жауапта.
Сонымен қатар қысқа мерзімді курстар да қарастырылған.
«34 мамандық бойынша 1 айдан 2 айға дейінгі қысқа мерзімді курстар ұйымдастырылған. Әйел сотталғандар үшін ең сұранысқа ие мамандықтар – тігінші, шаштараз, визажист және кондитер», – деп нақтылады комитет өкілдері.
ҚАЖК дерегінше, сотталғандардың жеке деректері жария етілмейді.
«Дербес деректер және оларды қорғау туралы” заңның 15-бабына және ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 93-бабына сәйкес сотталғандардың жеке ісінен алынған ақпарат жария етуге жатпайды», – деп түсіндірді ведомство.
Сондай-ақ сотталғанның орналасқан жері туралы мәлімет тек туыстарына беріледі.
«ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 25-бабына сәйкес сотталғанның жазасын өтеу орны туралы ақпарат оның жақын туыстарына хабарланады», – делінген жауапта.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Перизат Қайраттың нақты қай колонияда отырғаны жарияланған жоқ.




