Парламент Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев елімізде ана мен бала өлімінің көбейіп бара жатқанына алаңдап, премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады,деп хабарлайды Todayinfo. Депутат Қазақстанда перзентханаға аманаттап кеткен сәбилердің о дүниелік болып жат
Парламент Мәжілісінің депутаты Нартай Сәрсенғалиев елімізде ана мен бала өлімінің көбейіп бара жатқанына алаңдап, премьер-министр Олжас Бектеновке депутаттық сауал жолдады,деп хабарлайды
Todayinfo.
Депутат Қазақстанда перзентханаға аманаттап кеткен сәбилердің о дүниелік болып жатқанына назар аударды.
«Бұл дүниеге ұрпақ әкелу үшін перзентханаға аттанған ананы перзентімен бірге о дүниеге аттандырған жағдайлар өте көп. 2019 жылдан бері Қазақстанда 19 128 сәби шетінеген. 2024 жылы ғана 2 598 нәресте жарық дүниені көрмей, ата-анасы мәйітханадан алып шығуға мәжбүр болды», – деді ол.
Ресми мәліметтерге сүйенсек, Абай, Ақтөбе, Алматы, Жетісу, Ұлытау облыстарында сәби өлімі көбейген.
"563 ана босану кезінде көз жұмды"
Ана өлімі де алаңдатарлық деңгейде. Соңғы 6 жылда 563 ана өмірден өткен. Оның ішінде Жетісу, Қостанай, Ұлытау, Ақтөбе облыстарында бұл көрсеткіш өте жоғары.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша көз жұмған аналардың 54%-ы қалада, 46%-ы ауылда тұрған. Бір қорқынышты тенденция – төрт немесе одан да көп баласы бар әйелдер арасында өлім-жітім көбейген, салдарынан 97 бала тірі жетім қалды»,– деді депутат.
Медицина саласындағы түйткілдер
Депутат босандыру мекемелеріндегі проблемаларды тізіп шықты:
🔹 Акушер-гинекологтар жетіспейді – 4 702 маман жұмыс істесе де, 389 дәрігер қажет.
🔹 Жабдықтардың жетіспеушілігі – бірқатар орталықтарда УДЗ, КТГ, анестезия аппараттары жоқ.
🔹 Перзентханалар ескірген – халықаралық стандарттарға сай келмейді, орталықтандырылған оттегі жүйесі жоқ, вакуумдық сору жүйесі қарастырылмаған.