Todayinfo.kz
Өзгекті жазбаларView all articles

Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны қаупі сейілер емес

Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында су деңгейі қайта көтеріле бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев айтты. «Облыстағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Сергеев су қоймасында су тасқынының алғашқы толқыны ж

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны қаупі сейілер емес
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасында су деңгейі қайта көтеріле бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев айтты.
«Облыстағы су тасқыны жағдайы әлі де күрделі болып отыр. Сергеев су қоймасында су тасқынының алғашқы толқыны жүріп өткеннен кейін судың ернеуден асып төгілуі 257 см-ге дейін төмендеді. Қазіргі уақытта екінші су толқынының келуіне байланысты судың қайтадан көтерілуі және сағат 10:00-дегі жағдай бойынша ернеуден асып төгілуі - 265 см. Су деңгейінің көтерілуі — 21 см. Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласында жағдай күрделі. Қызылжар ауданының елді мекендері және облыс орталығының Подгора, Кожевенный, Заречный, Косогор шағынаудандары су астында қалды. Су тасқыны басталғаннан бері облыста 2 886 үйді су басқан болатын. 2 639 үй әлі су астында қалып отыр», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның дерегінше, облыс бойынша 14 388 адам эвакуацияланды. Эвакуация пунктеріне 1 073 адам орналастырылды. Олар үш мезгіл ыстық тамақпен, қажетті заттармен қамтамасыз етілді.

«Бүгінде 149 отбасына бірреттік әлеуметтік көмек төленді. Солтүстік Қазақстан облысына Астана, Алматы қалаларынан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Павлодар, Ақмола облыстарынан, сонымен қатар Омбы қаласындағы қазақ диаспорасынан 470 тонна гуманитарлық жүк келіп жетті. Ол көмек әзірленген кестеге сай бөлініп жатыр. Қабылдау пунктері мен гуманитарлық көмекті беру арасындағы жұмыс жолға қойылған», — деді Қанат Дүзелбаев.
 

Related

Петропавл мен Қызылжар ауданында су тасқыны қаупі сейілер емес · Todayinfo