«Полицейлер ұйымдастырған»: ШҚО мектеп оқушыларының төбелесі жайлы тың мәлімет шықты (видео)
Фото: ашық дереккөз Шығыс Қазақстан облысы, Герасимовка ауылында екі жасөспірімді өз құрдастары ұрып-соғып, қорлағаны түсірілген видео жарияланғаннан кейін жаңа мәліметтер пайда болды, деп жазады Todayinfo. Белгілі болғандай, бұл видео 2023 жылы түсірілген. Алайда барлық қатысушы

Фото: ашық дереккөз
Шығыс Қазақстан облысы, Герасимовка ауылында екі жасөспірімді өз құрдастары ұрып-соғып, қорлағаны түсірілген видео жарияланғаннан кейін жаңа мәліметтер пайда болды, деп жазады Todayinfo.
Белгілі болғандай, бұл видео 2023 жылы түсірілген. Алайда барлық қатысушылар анықталып, жауапкершілікке тартылды.
Бейнежазба жарияланған соң, Герасимовка ауылының тұрғындары бұл оқиғаға, сондай-ақ басқа да көптеген жағдайларға полиция қызметкерінің қатысы болуы мүмкін екенін мәлімдеді. Олардың айтуынша, ол ауылдағы мектеп оқушыларынан топ құрып, осылайша тәртіп орнатуға тырысқан.
ШҚО полициясы аталған қызметкерге қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын, оның қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетінін нақтылады.
Related

Regions
«Qamqor sos»: в Алматинской области запущен первый в Казахстане цифровой пункт экстренной медицинской помощи
Айғаным Нариманова·

Regions
«Qamqor sos»: Қазақстандағы алғашқы цифрлық жедел медициналық көмек пункті Алматы облысында іске қосылды
Айғаным Нариманова·

Regions
Флаг, Гимн и Герб: аким Алматинской области провел встречу с детьми
Айғаным Нариманова·

Regions
Көк Ту, Елтаңба, Әнұран: Қонаевта балаларға тағылымды кездесу ұйымдастырылды
Айғаным Нариманова·