Todayinfo.kz
PoliticsView all articles

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті.

By Айғаным Нариманова··1 min read
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
📷 Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді.

Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді.

«Баршаңызды Мемлекеттік рәміздер күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қасиетті Отанымыз – Қазақ елінің әрбір азаматы үшін маңызы ерекше мереке. Біз осы күні байрағымызды биікке көтереміз. Сол арқылы еңселі, егемен ел екенімізді күллі әлемге паш етеміз.

Қастерлі рәміздеріміз – ұлт құндылықтарының жарқын символы.

Мемлекетіміздің әр нышаны халқымыздың болмыс-бітімінің көрінісі саналады.

Елтаңба – елдігіміздің айшықты белгісі. Әнұран – азаттығымыздың айбынды үні. Көк Туымыз – Тәуелсіздік тұмары. Төбемізге көтеріп, қадір тұтатын осы үш рәмізді мемлекеттігіміздің мызғымас үштағаны десек, артық болмайды.

Тарихқа үңілсек, жұртымыз әрқашан бір тудың астына жиналып, ынтымақ-бірлігін сақтай білген. Қазір де еліміз ауызбіршілігін нығайтып, алға қарай сеніммен қадам басып келеді», деді Президент.


Related

Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты · Todayinfo