Todayinfo.kz
NewsView all articles

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

Алматыдағы Арбат көшесінде қолына пышақ ұстаған жігіт жұртты шошытты, деп хабарлайды Todayinfo. Желіге тараған ақпаратқа сай, оқиға 13 қыркүйекке қараған түні болған. Куәгерлердің айтуынша, ол көшеде ары- бері жүгіріп, қолындағы пышағын бұлғаңдатып, елді қорқытқан. Оқиға орнына ж

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды

Алматыдағы Арбат көшесінде қолына пышақ ұстаған жігіт жұртты шошытты, деп хабарлайды Todayinfo.

Желіге тараған ақпаратқа сай, оқиға 13 қыркүйекке қараған түні болған.

Куәгерлердің айтуынша, ол көшеде ары- бері жүгіріп, қолындағы пышағын бұлғаңдатып, елді қорқытқан.

Оқиға орнына жедел жеткен полиция күдіктіні ұстап, бөлімшеге жеткізді.

Фото: istockphoto.com

Related

Пышағын бұлғаңдатқан жігіт алматылықтардың зәресін ұшырды · Todayinfo