Қайрат Боранбаевтың ағасы түрмеге отырмайтын болды
Қазақстанның Бас прокуратурасы Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Todayinfo Turkystan.kz - ке сілтеме жасап. Мұрат Боранбаев тәртіп сақшыларына өз еркімен келіп, ұсталған. Ол кінәсін мойындап, заңсыз жолмен алынған актив

Қазақстанның Бас прокуратурасы Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұрат Боранбаев қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды Todayinfo Turkystan.kz- ке сілтеме жасап.
Мұрат Боранбаев тәртіп сақшыларына өз еркімен келіп, ұсталған. Ол кінәсін мойындап, заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы процессуалдық келісімге келген.
Сонымен бірге сот қаулысына сәйкес, Боранбаев кінәсін мойындау және заңсыз жолмен алынған активтерді қайтару туралы процессуалдық келісімнің талаптарын орындауына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Ол келтірілген шығынды толығымен өтеген.
Айта кетейік, 2022 жылдың шілдесінде Қаржы мониторингі агенттігі қазақстандық кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы Мұратқа іздеу жарияланғанын хабарлаған болатын.
Осыдан бірнеше ай бұрын бұған дейін AlanParking ЖШС басшысы болған Мұхтар Базарбаевтың ұсталғаны белгілі болды. Оған аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.
Фото: qamqor.gov.kz
Related

News
Президенттің бастамасы Маңғыстау мұрасын әлемге паш етті – Қазақстанның киелі нысандары ЮНЕСКО-ның тізіміне енді
Жаннұр Еділбаева·

News
Науқан өңірлерге бет бұрды: партиялар жергілікті жерлердегі жұмысты бастады
Жаннұр Еділбаева·

News
Кампания сместилась в регионы: партии начали работу на местах
Жаннұр Еділбаева·

News
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·