Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қайрат Нұртастың қызы: «Маған Қайраттың қызы деп қараған ауыр тиеді»

Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында оқырмандар сауалдарына жауап берді. Эфир кезінде қойылған сұрақтардың бірі оның жеке тұлғалық қабылдауы туралы болды, деп хабарлайды Todayinfo . Оқырман: «Сізге жеке тұлға ретінде емес, Қайрат

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қайрат Нұртастың қызы: «Маған Қайраттың қызы деп қараған ауыр тиеді»

Әнші Қайрат Нұртастың қызы Алау Нұртас әлеуметтік желідегі тікелей эфир барысында оқырмандар сауалдарына жауап берді. Эфир кезінде қойылған сұрақтардың бірі оның жеке тұлғалық қабылдауы туралы болды, деп хабарлайды Todayinfo.

Оқырман: «Сізге жеке тұлға ретінде емес, Қайрат Нұртастың қызы ретінде қарау ауыр тимей ме?» – деп сұрады.

Бұл сұраққа жауап берген Алау: «Әрине, көңіліме қатты тиеді. Өйткені мен туғанда маған “Қайрат Нұртастың қызы” деген ат берген жоқ. Маған Алау деген есім берілді. Менің атым — Алау. Егер біреу: “Сен Қайрат Нұртастың қызысың ғой, суретке түсейік” десе, мен келіспеймін», – деп ашық айтты.

H2: Желі қолданушылары Алау Нұртасқа қатысты түрлі пікір айтты

Алау Нұртастың бұл сөзі әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, пікірлер екіге бөлінді. Кейбіреулер оны сынға алса, енді біреулер қолдау білдірді:

  • «Тәлпіштенбеші»,
  • «Сен Қайраттың қызы болмасаң, ешкім сені танымас еді»,
  • «Тек әкең арқылы ғана танылдың»,
  • «Мақтанба, керісінше қуану керек»,
  • «Дұрыс айтып отыр, әркім өзінше тұлға» – деген сынды пікірлер жазылды.

Related

Қайрат Нұртастың қызы: «Маған Қайраттың қызы деп қараған ауыр тиеді» · Todayinfo