«Қайрат» ойынында «Брюгге» жанкүйерлері Борат киімін киіп келіп, қазақстандықтардың ашуын тудырды
Кеше, 20 қаңтар күні Астана Аренада "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы үйдегі соңғы матчында Бельгияның "Брюгге" командасын қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Stan.kz -ке сілтеме жасап. Аталған ойында "Брюгге" жанкүйерлерінің әрекеті көпшіліктің назарын аударды

Кеше, 20 қаңтар күні Астана Аренада "Қайрат" Чемпиондар лигасындағы үйдегі соңғы матчында Бельгияның "Брюгге" командасын қабылдады, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған ойында "Брюгге" жанкүйерлерінің әрекеті көпшіліктің назарын аударды. Әлеуметтік желілерде тараған видеолардан үш жанкүйердің Бораттың бейнесіндегі ашық түсті манкини киіп келгенін көруге болады.
Кейін белгілі болғандай, полиция қызметкерлері оларды ұстап, бөлімшеге жеткізген. Қоғамдық орында мас күйінде ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалып, материалдар сотқа жолданды. Құқық бұзушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қалалық полиция департаменті қоғамдық іс-шаралар кезінде қауіпсіздік шаралары күшейтілетінін және мінез-құлық ережелерін бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Бұл жайт әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, қазақ жанкүйерлерінің ашуын туғызуда.
Айта кетейік, матчта "Брюгге" командасы 4:1 есебімен жеңіске жетті. Ойын барысында бельгиялық клуб "Қайраттан" басым түсіп, өздерінің айқын фаворит екенін дәлелдеді.
Related

News
Мангистауские мечети могут стать новым объектом Всемирного наследия ЮНЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Түркістан облысында ер адам анасын өлтірді деген күдікпен ұсталды
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – главное гастрономическое направление 2026 года
Жаннұр Еділбаева·

News
Алматы – 2026 жылдың басты гастрономиялық бағыты
Жаннұр Еділбаева·