«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтбаев жарақатына байланысты қосымша медициналық тексеруден өту үшін шетелге жіберілді, деп хабарлайды Todayinfo.
Клубтың ресми мәліметінше, футболшы дәрігерлердің кеңесіне сәйкес Қатардың астанасы Дохаға жол тартқан.
Фото: Instagram/f.c.kairat«Бүгін түнде Дастан Сәтбаев дәрігерлердің ұсынысы бойынша қосымша қаралуға Дохаға аттанады», – делінген «Қайрат» клубының хабарламасында.




