Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)

Қарағанды облысында Долинка ауылына жақын жайылымда жүзден астам қой мен ешкінің өлексесі табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мал тұрақты жайылымда жүрген соң қырылған,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Ветеринарлық қызметтің алдын ала қорытындысына сәйкес, малдың у

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО)
Қарағанды облысында Долинка ауылына жақын жайылымда жүзден астам қой мен ешкінің өлексесі табылды. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мал тұрақты жайылымда жүрген соң қырылған,деп хабарлайды Todayinfo ақпарат порталы. Ветеринарлық қызметтің алдын ала қорытындысына сәйкес, малдың улануы – негізгі себеп болуы мүмкін. Мамандар малдың жайылым орнындағы су көзінен уланғанын жоққа шығармайды.
«Қазір кешенді зертханалық сараптамалар жүргізіліп жатыр. Нақты себеп сараптама нәтижесінде белгілі болады», – делінген ветеринария қызметінің хабарламасында.
Эпизоотиялық жағдай тұрақты. Маман­дардың айтуынша, аса қауіпті жұқпалы аурулар анықталмаған. Қазіргі уақытта мамандар улану көзін анықтап, болашақта осындай жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.  

Related

Қарағанды облысында ұсақ мал жаппай қырылды (ВИДЕО) · Todayinfo