«Нұрсұлтан Назарбаев өзінің айналасына, туыстарына 2014–2015 жылдан бастап: «Ештеңеге араласпаңдар, ештеңеге бармаңдар, біреудің бір нәрсесін тартып алмаңдар, әлімжеттік жасамаңдар. Біздің атағымызды пайдаланып, бір нәрсе істемеңдер» деп қатты айта бастады. Мынау COVID-тен кейін біраз уақыт өтті ғой. Болат Назарбаевтың әйелі қайтыс болды. Басқа нәрселер болды. Бөкеңнің өзі ол кезде ауырып жүрді. Сол кезде куә болғандардан бір естігенім… Ол жерде Елбасының өзі болған. Інісі Болат, қарындасы Әнипа, сосын Самат болған. Қайрат Сатыбалды ол кезде түрмеде еді. Сол кезде ол кісі (Нұрсұлтан Назарбаев – ред.) қатты өкпелеп, іште жиналып қалған ренішін айтты деп естідім. «Сендер мынадай нәрсені бүйттіңдер, мына жерде осындай ақау жібердіңдер. Маған сөз келтіріп жатсыңдар. Маған жақсылық жасаудың орнына, сөз келтіріп жатсыңдар. Мен қанша рет ескерттім?» деп, ол кісі қатты-қатты ашуланған екен», – деді Бейбіт Сапаралы.https://youtu.be/8dtzmDWFM2Y Фото: Getty Images
«Қателік жібердіңдер, маған сөз келтірдіңдер»: Назарбаев отбасы мен туыстарына қатты ренжіген
Назарбаевтар әулетіне өте жақын адамдардың бірі саналатын белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына сұхбат беріп, экс-президенттің туысқандарына айтқан өкпе-ренішін жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo. «Нұрсұлтан Назарбаев

Назарбаевтар әулетіне өте жақын адамдардың бірі саналатын белгілі дінтанушы, қоғам қайраткері Бейбіт Сапаралы «Sadaq» медиа агенттігінің «Дүрбі» алаңына сұхбат беріп, экс-президенттің туысқандарына айтқан өкпе-ренішін жеткізді, деп хабарлайды Todayinfo.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·