Қаза тапқандар бар: АҚШ-тағы Колорадо әуежайында екі ұшақ соқтығысты
АҚШ-тағы Колорадо штатында әуежайға қону сәтінде екі жолаушы ұшағы ауада соқтығысты. Апат жайлы АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz CNN арнасына сілтеме жасап. Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Cessna 172 және Extra Flu

АҚШ-тағы Колорадо штатында әуежайға қону сәтінде екі жолаушы ұшағы ауада соқтығысты. Апат жайлы АҚШ-тың Федералды авиация басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды Todayinfo.kz CNN арнасына сілтеме жасап.
Оқиға жексенбі күні таңертең болған. Cessna 172 және Extra Flugzeugbau EA300 маркалы әуе кемелері қонуға әрекеттенген кезде бір-бірімен соқтығысқан.
Әр ұшақта екі адамнан болғаны нақтыланды. Апат салдарынан бір адам қаза тауып, тағы үшеуі жарақат алды.
Еске салсақ, 16 тамызда Конго Республикасында Ан-26 ұшағы ағашқа соғылып, алты адам қаза тапқан еді. Бортта болғандардың ішінде тек бір адам ғана аман қалған, марқұмдардың арасында екі шетелдік ұшқыш бар.
Фото: Известия
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·