Қазақ қыздарын қорлап сөйлеген ер адам Бішкекте ұсталды
Қырғызстанда қазақ әйелдеріне қатысты қорлайтын мәлімдемелер айтылған видеоның авторы ретінде күдікке ілінген азамат ұсталды. Бұл жөнінде Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бірлескен хабарлама таратты, деп хабарлайды Todayinf

Қырғызстанда қазақ әйелдеріне қатысты қорлайтын мәлімдемелер айтылған видеоның авторы ретінде күдікке ілінген азамат ұсталды. Бұл жөнінде Қырғыз Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті бірлескен хабарлама таратты, деп хабарлайды Todayinfo.
7 шілдеде әлеуметтік желілерде қазақ ұлтының өкілдеріне тіл тигізетін бейнежазба тараған. Онда ұлттық негіздегі кемсіту, ар-намысқа тиетін және араздық тудыруы мүмкін пікірлер айтылған. Видеодағы сөздерге байланысты қоғамда үлкен резонанс туып, тиісті органдар шұғыл әрекет етті.
Бішкек қаласының ішкі істер басқармасы аталған фактіге байланысты Қырғызстан Қылмыстық кодексінің 330-бабы – «Ұлтаралық, нәсілдік, діни немесе өңіраралық араздықты қоздыру» бойынша іс қозғады. Сараптама тағайындалып, видеоның мазмұнына кешенді лингвистикалық әрі діни талдау жүргізілуде.
Тергеу нәтижесінде 1987 жылы туған Б.С. есімді азамат ұсталып, Бішкек қалалық тергеу басқармасына жеткізілді. Свердлов аудандық соты оны бір ай мерзімге №1 тергеу изоляторына қамауға санкция берді.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Істің мән-жайы бойынша қосымша ақпарат ресми органдар тарапынан жарияланатын болады.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·