Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстан Үндістанға ұшатын әуе рейстерін тоқтатты

Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты 2024 жылдың 8 мамырынан бастап Алматы – Дели – Алматы  және Алматы – Мумбаи – Алматы бағыттарындағы рейстерін мәжбүрлі түрде тоқтатты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақстан Үндістанға ұшатын әуе рейстерін тоқтатты
Air Astana әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты 2024 жылдың 8 мамырынан бастап Алматы – Дели – Алматы  және Алматы – Мумбаи – Алматы бағыттарындағы рейстерін мәжбүрлі түрде тоқтатты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Аталған рейстерге билет алған жолаушыларға билеттің толық құны қайтарылатыны хабарланды. Бұл шешім – жолаушылардың мүддесін қорғауға бағытталған. Қазіргі таңда компания Қазақстан азаматтарын және басқа да Air Astana жолаушыларын елге қайтару мақсатында балама бағыттар бойынша репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр. Air Astana жағдайды жіті бақылауда ұстап отыр және алдағы өзгерістер жайлы жолаушыларды дереу хабардар ететін болады. Жаңартылған ақпараттар компанияның ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі парақшаларында жарияланып отырады. Осыған дейін Пәкістан билігі елдің әуе кеңістігіндегі барлық шектеулерді алып тастап, басты халықаралық әуежайлардың жұмысын қайта жандандырған еді.  

Related

Қазақстан Үндістанға ұшатын әуе рейстерін тоқтатты · Todayinfo