Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр

Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте тұр, деп хабарлайды Todayinfo . Биылдың өзінде елімізде 15 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 1600 адам ажал құшып, 35 мыңнан астамы түрлі жарақат алыпты. Жолдағы ажал санынан Рес

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте тұр, деп хабарлайды Todayinfo. Биылдың өзінде елімізде 15 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 1600 адам ажал құшып, 35 мыңнан астамы түрлі жарақат алыпты. Жолдағы ажал санынан Ресей мен АҚШ көш бастап тұр. Үшінші орында Қазақстан. Бұл статистиканы БҰҰ-ға қарасты Еуропалық экономикалық комиссия жариялады. Зерттеуге сәйкес, жол апаттарының 90%-ға жуығына жүргізушілердің қателігі себеп болады екен. Әсіресе жылдамдықты шамадан тыс асыру талай жанның өліміне әкелген. Ал жол-көлік оқиғаларының қалған 10%-ы жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауынан. Фото: Freepik

Related

Қазақстан жол апатынан әлемде үшінші орында тұр · Todayinfo