Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстанда ең төменгі жалақы әзір көтерілмейді

Үкімет жақын арада ең төменгі жалақыны көтеруді жоспарламайтынын мәлімдеді. Дегенмен бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова көтеріледі деп уәде берген еді, деп хабарлайды todayinfo.kz Үкіметтегі баспасөз конференциясында премьер-Министрдің оры

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақстанда ең төменгі жалақы әзір көтерілмейді
Үкімет жақын арада ең төменгі жалақыны көтеруді жоспарламайтынын мәлімдеді. Дегенмен бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қолдау министрі Светлана Жақыпова көтеріледі деп уәде берген еді, деп хабарлайды todayinfo.kz Үкіметтегі баспасөз конференциясында премьер-Министрдің орынбасары, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин бұл нақты емес екенін айтады.
"Шынын айтқанда, әзірге ондай жоспарымыз жоқ. Қазір елімізде ең төменгі жалақы – 85 мың теңге. Оны көбейту мәселесі әзірге қарастырылған жоқ", – деді Серік Жұманғарин.
Бұған дейін ең төменгі жалақыны көтеру туралы еңбек министрлігінен бөлек, қаржы министрі Мәди Такиев те мәлімдеген еді. Алайда қазір ол сөзінің нақты жоспарға емес, тек есептік деректерге қатысты екенін түсіндірді.
"Барлық көрсеткішке сенсек, орташа мөлшер шамамен 90 мың теңге болуы керек. Бірақ қазіргі жағдайды ескере отырып, оны бұрынғы деңгейде қалдырамыз", – деп түсіндірді Такиев.
Фото: baq.kz

Related

Қазақстанда ең төменгі жалақы әзір көтерілмейді · Todayinfo