Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі қылмыстық жаза мерзімі аяқталуға жақын қалған педофилдерге химиялық кастрацияны қолдану тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынды. Тиісті бұйрық жобасы НҚА сайтында жарияланып, 2025 жылғы 18 тамызға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Нақты не өзгереді?
-
Химиялық кастрация жаза мерзімі аяқталуына алты ай қалғанда тағайындалады;
-
Бұл шара жыныстық сипаттағы қылмысы үшін сотталғандарға қолданылады;
-
Бұған дейін 12 ай бұрын сот-психиатриялық сараптама жүргізілуі тиіс.
Бұл сараптама арқылы адамның психикалық ауытқуы және сексуалдық зорлыққа бейімділігі анықталады.
Бұған қоса не ұсынылып отыр?
Бұған дейін ІІМ өкілі Игорь Лепёха:
-
педофилдерге өмір бойы әкімшілік бақылау орнату ұсынылып жатқанын мәлімдеген.
-
Қазіргі 8 жылдық шектеудің орнына, әр 6 ай сайын сот арқылы бақылау мерзімін ұзартуға мүмкіндік берілмек.
-
Бұл бақылауға:
-
мектептерге баруға тыйым,
-
түнгі уақытта сыртқа шығуға шектеу,
-
басқа да шектеулер кіреді.
-
Тыйымды бұзғандарға – жауапкершілік қарастырылған.
-
Мақсат не?
Балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қайталанатын қылмыстардың алдын алу.
Жаңа ереже күшіне енуі үшін қоғамдық талқылаудан өтіп, тиісті органдар мақұлдауы қажет.




