«Қазақстанды әлемге танытамын»: Димаш халықаралық музыкалық реалити-шоу жасамақ
Белгілі қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген Қытайдың ең ірі медиахолдингтерінің бірі Hunan TV және оның бас директоры Цай Хуайцзюньмен жаңа музыкалық реалити-шоу өндірісін іске қосу жөнінде келісімге қол қойды. Жоба аясында ол бас продюсер ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды

Белгілі қазақстандық өнерпаз Димаш Құдайберген Қытайдың ең ірі медиахолдингтерінің бірі Hunan TV және оның бас директоры Цай Хуайцзюньмен жаңа музыкалық реалити-шоу өндірісін іске қосу жөнінде келісімге қол қойды. Жоба аясында ол бас продюсер ретінде жұмыс істейді, деп хабарлайды Todayinfo.kz
Жаңа шоу әр елден келген вокалистерді біріктіріп, төрт өңірде түсіріледі. Мақсат – Қазақстанның табиғаты мен мәдени байлығын әлемге таныту.
«Бұл жоба әлем бойынша көрсетіліп, миллиондаған көрерменге жаңа дауыстар мен Қазақстанның бай мәдениетін паш ететін болады», – деді ол.
Шамамен он жыл бұрын әртістің Hunan TV-мен шығармашылық байланысы «I Am Singer» жобасынан басталған еді. Енді ол жаңа рөлде – халықаралық шоу авторы және продюсері ретінде оралып отыр.
Бұл жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастап, музыка арқылы әлем елдерін жақындастыруды көздейді.
Фото: dimashnews
Related

Шоу бизнес
«Баян Мақсатқызы күйеуге шықсаң да, бала тусаң да келіп жұмыс істейсің»: Танымал әнші продюсері туралы бар шындықты жайып салды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Некесіз туған ұлы»: Мейрамбек Беспаев туралы ел естімеген шындық тарады
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Дірілдеп жатыр»:: әнші Бүркіттің қарындасының жағдайы ауыр екені айтылды
Айғаным Нариманова·

Шоу бизнес
«Жүрегі тоқтап қалса ше?»: журналист Мөлдір Әуелбековаға араша түсті
Айғаным Нариманова·