Todayinfo.kz
Шоу бизнесView all articles

Қазақстандық танымал актер Мурат Бисембин өмірден өтті

Қазақстандық белгілі актер Мурат Бисембин 53 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы оның қызы Диана әлеуметтік желуде жазды. «11.10.1972–08.01.2026. Шексіз жақсы көремін», – деп жазды ол Instagram желісінде. Естеріңізге сала кетейік, Мұрат

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қазақстандық танымал актер Мурат Бисембин өмірден өтті

Қазақстандық белгілі актер Мурат Бисембин 53 жасында өмірден озды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы оның қызы Диана әлеуметтік желуде жазды.

«11.10.1972–08.01.2026. Шексіз жақсы көремін», – деп жазды ол Instagram желісінде.

Естеріңізге сала кетейік, Мұрат Бисембин ауыр дертке шалдығып, ауруханаға түскен еді. Артынша оның инсульт алғаны да мәлім болды. "Шексіз жақсы көремін", - деп жазды қызы парақшасында.
Мұрат Бисембин (1973, Қызылорда) — Қазақстандық актер, тележүргізуші. Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Мамандығы — инженер-электрик. 2000 жылдан Алматы қаласында тұрады. 2001 жылдан киноға түсіп келеді. Ең таңдаулы кейіпкерлері ресейлік "Параграф 78" фильмі мен режиссер Ақан Сатаевтың "Рэкетир" және "Ағайынды" фильмдерінде сомдалған. Бисембинге танымалдық алып келген "Рэкетир" фильмінен кейін көрермендер актерді әлі де аталмыш туындыдағы Руслан образымен байланыстырады. Актерліктен бөлек Мұрат бокспен, ауыр атлетикамен, бодибилдинг және пауэрлифтингпен айналысады. Кинодағы жұмысынан бөлек Қазақстандағы "Хабар" арнасындағы "Арена" спорттық бағдарламасы жүргізушілерінің бірі. Үйленген. 3 баласы бар.

Related

Қазақстандық танымал актер Мурат Бисембин өмірден өтті · Todayinfo