Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған

Милан-2026 қысқы Олимпиадасы аяқталғанымен, Қазақстан спортында дау басылар емес. Қазақстан атынан барған төреші Надежда Парецкаяның бағалауы жанкүйерлер арасында күмән туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқылауға себеп болды. Қолданушылар оның ресейлік спортшыға жоғары, ал қазақст

By Айғаным Нариманова··3 min read
Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған
Милан-2026 қысқы Олимпиадасы аяқталғанымен, Қазақстан спортында дау басылар емес. Қазақстан атынан барған төреші Надежда Парецкаяның бағалауы жанкүйерлер арасында күмән туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқылауға себеп болды. Қолданушылар оның ресейлік спортшыға жоғары, ал қазақстандықтарға төмен ұпай қойғанын айтып, ресми органдардан ашық түсініктеме талап етіп жатыр. Бұл туралы Todayinfo.kz ақпараттық порталы хабарлайды. Stan.kz-тің мәліметінше, Милан мен Кортина-д’Ампеццода өткен 2026 жылғы қысқы Олимпиада Қазақстан спорт қоғамында жаңа дауға түрткі болды. Қазақстан атынан барған төреші Надежда Парецкаяның бағалауы жанкүйерлер арасында күмән туғызып, әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Жанкүйерлердің айтуынша, Парецкая ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Аделия Петросянның өнеріне шамадан тыс жоғары ұпай беріп, ал қазақстандық спортшыларға қатаң қараған. Әсіресе әйелдер арасындағы жарыстың еркін бағдарламасынан кейін сын күшейді. Тоғыз төрешінің ішінде Парецкая Петросянға ең жоғары баға қойған жалғыз маман болды, оған 147,04 балл қойған. Оның бағалауы бойынша ресейлік спортшы бағдарламада бірінші орын алар еді. Ал британиялық төреші Ричард Грейндж 136,90 балл қойып, нәтиже бойынша Петросян тек оныншы орынға тұрақтар еді. Дегенмен, спортшы 141,64 балл жинап, екі бағдарлама қорытындысы бойынша 214,53 ұпаймен жалпы есепте алтыншы орын алды. Бағдарлама барысында Петросян төрт айналымдық тулупты орындауға тәуекел етіп, қону кезінде құлап қалды. Соған қарамастан, ол 3Lz+2T және 3F+3T каскадтарын, сондай-ақ тройлық сальхов, риттбергер, флип секілді элементтерді таза орындап, техникалық көрсеткіш бойынша 76,93 балл жинады. Ал компоненттер үшін 65,71 балл алып, бұл көрсеткіш финалистер арасында тек 12-орынға сәйкес келді. Осы айырмашылықтар Парецкая қойған жоғары бағаның негізділігіне қатысты сұрақтарды күшейтті. Даулы бағалау қазақстандық Софья Самоделкинаға қатысты да айтылды. Жанкүйерлер оның ұпайлары төмен қойылып, соңында спортшы жарысты небәрі 10-орында аяқтады деп санайды. Дәл жағдай әділ төрешілікке күмән келтіргенін әлеуметтік желі қолданушылары ашық жазып жатыр. Дау ерлер бәсекесіне де қатысты пікірлерді күшейтті. Қысқа бағдарламада көшбасшылар қатарында болған Михаил Шайдоровты Парецкая жетінші орынға қойған. Соның салдарынан спортшы еркін бағдарлама алдында тәуекелге барып, бес секіру элементін орындауға мәжбүр болды. Дегенмен желіде төреші бағасына қатысты пікірлер екіге бөлінді. Бірі оны сынаса, енді бірі ұпай айырмашылығы нәтижеге айтарлықтай әсер етпегенін айтады.
"Мынау қыздар жарысына қатысты. Ерлер жағында да осы төреші отырған шығар. Мишаның да бағасын кемітіп тастаған", – деп жазды Диас Нұрланұлы. "Ұпайларға қараңыздаршы: ол барлық бағдарламада жақсы балл берген, бір бағдарламасында тіпті 70 қойған. Еркін бағдарламада жоғарырақ қойса да, нәтиже ең көбі 1 баллға ғана өсер еді", – деп пікір білдірді Бизаева.
Соған қарамастан, Шайдоров барлық қысымды еңсеріп, Олимпиада чемпионы атанды. Алайда төрешінің бағасына қатысты сұрақтар бұл жеңістен кейін де басылған жоқ.
"Көптеген әлемдік БАҚ осы масқара әрекет туралы жазып жатыр. Бұл еліміздің және Қазақстан Олимпиада комитетінің беделіне кері әсер етеді. Туризм және спорт министрлігі мен жауапты тұлғалар оның жаттықтырушылық және төрешілік лицензиясын қарастырып, әрекетіне жария баға беруге тиіс", – деп жазды желі қолданушысы.

Related

Қазақстандық төреші Олимпиадада ресейлік спортшының балын негізсіз көтеріп, өз елінің спортшыларына төмен ұпай қойған · Todayinfo