Қазақтарға тіл тигізген Дмитрий Биволдың әйелі 7 жылға сотталуы мүмкін
Астанада Екатерина Биволға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап. ІІМ мәліметінше, Астана қаласының Полиция департаменті Екатерина Биволға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-

Астанада Екатерина Биволға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz Newtimes.kz басылымына сілтеме жасап.
ІІМ мәліметінше, Астана қаласының Полиция департаменті Екатерина Биволға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 174-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Аталған бап әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни алауыздықты қоздыру фактілеріне қатысты қолданылады.
Заңнамаға сәйкес, бұл бап бойынша айыппұл салудан бастап 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Еске салайық,бұған дейін, қазан айында Қазақстанның Ішкі істер министрлігі Екатерина Биволға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын растаған және оны экстрадициялау мәселесі көтерілетінін хабарлаған болатын. Кейін оған іздеу салынған.
Оған ұқсас қылмыстық іс Қырғызстанда да тіркелген. Онда Екатерина Бивол ұлтаралық араздықты қоздырды деген айыппен жауапқа тартылған.
Санкт-Петербург қаласының Ленин аудандық соты Екатерина Биволды әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 60 сағат міндетті қоғамдық жұмыс жазасын тағайындады.
Related

News
Орталық сайлау комиссиясында жеребе тарту өтті: саяси партиялар сайлау бюллетенінде қандай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·

News
Су астындағы қала: Астана әкімдігі ресми мәлімдеме жасады
Жаннұр Еділбаева·

News
ОСК жеребе қорытындысын жариялады: партиялар бюллетеньде қай ретпен орналасады?
Жаннұр Еділбаева·

News
ЦИК: агитация стартует сегодня после 18.00 и завершается 22 августа в 00.00
Жаннұр Еділбаева·