Todayinfo.kz
NewsView all articles

«Қазақтың барлық қызы ғашық болған»: Тамар Асар Мұхамеджан Тазабекті асыра мақтады (ВИДЕО)

Белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек отбасы қуанышымен көпшілікпен бөлісті. Ол Фатима есімді қызын ұзатып, қазақы салт-дәстүрмен үйінен шығарып салды. Тойға өнердегі достары мен танымал тұлғалар қатысты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Той бары

By Айғаным Нариманова··1 min read
«Қазақтың барлық қызы ғашық болған»: Тамар Асар Мұхамеджан Тазабекті асыра мақтады (ВИДЕО)
Белгілі айтыскер ақын, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тазабек отбасы қуанышымен көпшілікпен бөлісті. Ол Фатима есімді қызын ұзатып, қазақы салт-дәстүрмен үйінен шығарып салды. Тойға өнердегі достары мен танымал тұлғалар қатысты,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі. Той барысында сахнаға шыққан әнші Тамара Асар Мұхамеджан Тазабектің студенттік кезін ерекше ықыласпен еске алып, әзіл мен шындыққа толы әдемі естеліктер айтты:
«93 жылдары, біз оқуға түскен кезде Мұхамеджан Тазабеков бүкіл мен қазақпын деген қыздың бәрін ғашық қылған. Әрбір жатақхананың есігі ашулы, дастарханы жаюлы болатын. Осы Мұхаң есіктен бір сығалар ма екен, бір төрт жол өлеңімді арнар ма екем деп армандаған Мұхаңның төрінде мен ән айтайын деп тұрмын. Мұха, ұшырғалы отырған балапаныңыздың бағы болсын», - деді ол.
Тойдан кейінгі кадрлар мен видеолар әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, көпшілік ақынның қызына ақ тілектерін жаудырып жатыр:
  • «Қызыңыз бақытты болсын, бізге жұғысты болсын»
  • «Тамара Асар қандай әдемі, достық тілек айтты. Керемет»
  • «Той құтты болсын, жастар бақытты болсын»
  • «Сіздің сері, қыздардың арманы болғаныңызға күмәніміз болмаған»
Желі қолданушылары Мұхамеджан Тазабектің өнердегі беделін, тәрбиелі отбасын ерекше атап өтіп, бұл қуаныштың әр отбасына жұғысты болуын тіледі.    
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Muhamedzhan Tazabek - ТӘЛІМГЕР (@mukhamedzhan_tazabek)

Related

«Қазақтың барлық қызы ғашық болған»: Тамар Асар Мұхамеджан Тазабекті асыра мақтады (ВИДЕО) · Todayinfo