ҚазТаг бас редакторы Әмір Қасеновтың үйі тінтілді
Фото: exclusive.kz ҚазТаг ақпарат агенттігінің бас редакторы Амир Қасеновтың пәтерінде тінту жүргізілгенін оның адвокаты Сәлімжан Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. 23 желтоқсан күні кешке Астанада Қасенов тергеу іс-шараларына шақырылып, кейін Есіл ау

Фото: exclusive.kz
ҚазТаг ақпарат агенттігінің бас редакторы Амир Қасеновтың пәтерінде тінту жүргізілгенін оның адвокаты Сәлімжан Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
23 желтоқсан күні кешке Астанада Қасенов тергеу іс-шараларына шақырылып, кейін Есіл аудандық полиция бөліміне жеткізіліп, уақытша қамау изоляторына қамалды. Полиция оның ұсталғанын растады.
Тергеу жеке компанияның шағымы бойынша басталған. Компания журналист бірнеше рет жалған ақпарат таратып, беделіне нұқсан келтірді деп мәлімдеген. Бұған дейін Асет Матаев пен Амир Қасенов Freedom Finance компаниясының арызы негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша күдікті ретінде танылған.
Оларға Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабы – «Көрінеу жалған ақпарат тарату» айыбы тағылған.
Агенттік жариялаған материалдарда өзін жәбірленуші деп таныстырған адамдардың әңгімелері мен тараптардың пікірлері келтірілген. Журналистер бұл деректердің барлығы нақты фактілерге сүйенгенін, жалған ақпарат жоқ екенін айтады.
Freedom Finance өз кезегінде жарияланымдарды бұрмаланған деп санайтынын мәлімдеген.
Мәдениет және ақпарат министрлігі қылмыстық процеске араласа алмайтынын атап өтті.
Related

News
Мать убитой студентки из Атырау не смогла узнать, где отбывают наказание осуждённые
Жаннұр Еділбаева·

News
В Армении началось голосование на парламентских выборах
Жаннұр Еділбаева·

News
Астанадан 48 шақырым жерде жаңа әуежай салу ұсынылды
Жаннұр Еділбаева·

News
Қазақстанға Пржевальский жылқыларының тағы бір тобы жеткізілді
Жаннұр Еділбаева·