Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

Қостанайда 31 мамыр күні өртеніп кеткен төрт пәтерлі үйдің тұрғындары әлі күнге дейін далада тұруға мәжбүр. Күлімхан Сыбанқұлова мен оның мүгедек күйеуі шатырда түнеп жүр. Тұрғындар әкімдіктен көмек сұрағанымен, әзірге тек бір реттік өтемақы берілген. Жаңа баспана да, жөндеу жұмы

By Жаннұр Еділбаева··1 min read
Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр

Қостанайда 31 мамыр күні өртеніп кеткен төрт пәтерлі үйдің тұрғындары әлі күнге дейін далада тұруға мәжбүр. Күлімхан Сыбанқұлова мен оның мүгедек күйеуі шатырда түнеп жүр. Тұрғындар әкімдіктен көмек сұрағанымен, әзірге тек бір реттік өтемақы берілген. Жаңа баспана да, жөндеу жұмыстары да қолға алынбаған, деп хабарлайды Todayinfo Наша газетаға сілтеме жасап.

Абай көшесінде орналасқан №60 үйдегі өрт иесіз қалған пәтерден басталып, басқа пәтерлерге тараған. Бұл – үйде шыққан екінші өрт. Бұған дейін де дәл осы пәтерде газ баллоны жарылып, өрт болған. Ол кезде әкімдік тек шатырына жөндеу жүргізген, ал қалған шығындарды тұрғындар несие алып, өздері өтеген.

– Күйеуім екеуміз шатыр сатып алып, соның ішінде ұйықтап жүрміз. Өртенген үйге барып шай ішеміз. Киім-кешек түгел жанып кетті. Күйеуім – 3-топ мүгедегі, ал мен көпбалалы зейнеткермін, – дейді Күлімхан Сыбанқұлова.

Оның сөзінше, әкімдік үйді қарап шығуға уәде берген. Алайда екі апта өтсе де, ешқандай сараптама жүргізілмеген.

– Жаңа үй іздеп жатырмыз болмаса демеуші табамыз деді. Бірақ өрт сөндірушілер де, тергеу қызметі де үйді қалпына келтіру мүмкін емес, қабырғалардың іші су сіңіріп кеткен деп отыр, – дейді Сыбанқұлова.

Тұрғындардың пайымынша, өртке ағаш ұлпасы себеп болуы мүмкін. Олар бұл ағаштарды бұрыннан кесуді сұрап келген.

Өрттің нақты себебі әлі ресми түрде жарияланған жоқ.

Related

Қостанайда екі рет үйі өртенген отбасы дала тұрып жатыр · Todayinfo