Todayinfo.kz
NewsView all articles

Қостанайда ер адам кәмелетке толмаған өгей ұлын аса қатігездікпен өлтірді

Қостанай қаласында биылғы жылдың басында ауыр қылмыс орын алды,деп хабарлайды Todayinfo. Бұрын бірнеше рет сотталған ер адам мас күйінде бірге тұратын әйелінің кәмелетке толмаған ұлына аса қатыгездікпен қол жұмсап, оның өмірін қиды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хаб

By Айғаным Нариманова··1 min read
Қостанайда ер адам кәмелетке толмаған өгей ұлын аса қатігездікпен өлтірді
Қостанай қаласында биылғы жылдың басында ауыр қылмыс орын алды,деп хабарлайды Todayinfo. Бұрын бірнеше рет сотталған ер адам мас күйінде бірге тұратын әйелінің кәмелетке толмаған ұлына аса қатыгездікпен қол жұмсап, оның өмірін қиды. Бұл туралы Қостанай облысының прокуратурасы хабарлады. Оқиға 2025 жылдың 9 қаңтарында болған. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, күдікті қылмыстан кейін әйелін де ұрып-соққан. «Бұрын сотталған ер адам бір бөлмелі пәтерде ішімдік ішіп, өгей баласын қатыгездікпен өлтірген. Кейіннен әйеліне де күш қолданған», – деп хабарлайды прокуратура. Ауыр қылмысқа қатысты тергеу аяқталып, 28 ақпан күні Қостанай облысының прокуратурасы айыптау актісін бекітті. Қылмыстық іс Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.    

Related

Қостанайда ер адам кәмелетке толмаған өгей ұлын аса қатігездікпен өлтірді · Todayinfo