«Балам ауру емес. Дені сау. Видеодан көрсеңіздер тек өзіне тиіскен балаларды ғана қуған. Тіпті маған: “ бұл мектепке барсам маған бірдеңе болуы мүмкін”деп жиі айтатын. Қайдағыны айтпа, бір жылың қалды деп басу айтатынбыз»,- деді оқушының анасы.Ананың айтуынша, әлімжеттік жайлы шағымданғандарды бұл мектепте “терпила” деп атайтын көрінеді. Содан балалар көрген қорлығы туралы ешкімге тіс жармайды екен.
«Төртеуі жабылған»: Құлсарыда балтамен шабуыл жасаған оқушының анасы мәлімдеме жасады
Атырау облысы, Құлсары қаласындағы №6 мектептің ішінде балтамен жүгірген оқушының анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Ананың сөзінше, жөнімен сыныбында отырған ұлын 4 оқушы шақырып алып, дәретханада әлімжеттік көрсеткен. Намыс

Атырау облысы, Құлсары қаласындағы №6 мектептің ішінде балтамен жүгірген оқушының анасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Ананың сөзінше, жөнімен сыныбында отырған ұлын 4 оқушы шақырып алып, дәретханада әлімжеттік көрсеткен. Намысына тиетін сөздер айтқан. Содан әбден ызаланған баласы оларды қорқыту үшін соңдарынан балтамен қуған.
Тіпті, ұлы мектепке барғысы келмейтінін айтқанымен, анасы райынан қайтарып келген.



