Todayinfo.kz
NewsView all articles

Құтқарамын деп түскен: Ақтөбеде екі адам қоқыс құдығында көз жұмды

Ақтөбе облысындағы Жарлы ауылында қайғылы жағдай болды. Қоқыспен толып қалған ескі құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кетті. Оны құтқармақ болған ер адам артынан түсіп, қайта шыға алмай қалған, деп хабарлайды Todayinfo  ақпарат порталы хабарлады. Оқиға 17 маусым күні болған. Қ

By Айғаным Нариманова··1 min read
Құтқарамын деп түскен: Ақтөбеде екі адам қоқыс құдығында көз жұмды

Ақтөбе облысындағы Жарлы ауылында қайғылы жағдай болды. Қоқыспен толып қалған ескі құдыққа 9 жастағы қыз бала құлап кетті. Оны құтқармақ болған ер адам артынан түсіп, қайта шыға алмай қалған, деп хабарлайды Todayinfo  ақпарат порталы хабарлады.

Оқиға 17 маусым күні болған. Қыз бала жеке үйдің ауласында орналасқан, тереңдігі шамамен 10 метр болатын ескі құдыққа құлаған. Құдық қараусыз қалған және қоқысқа толы болғаны хабарланды. Баланы құтқаруға тырысқан ер адам құдыққа түсіп, қайта шыға алмай қалған.
“Құтқарушылардың көмегімен бала мен ересек адам құдықтан ес-түссіз күйде шығарылды. Аудандық төтенше жағдайлар қызметінің мамандары алғашқы медициналық көмек көрсетті. Алайда барлық шараларға қарамастан, екеуі де көз жұмды”, – деп мәлімдеді Ақтөбе облыстық ТЖД өкілдері.

Related

Құтқарамын деп түскен: Ақтөбеде екі адам қоқыс құдығында көз жұмды · Todayinfo