Қырғыз боксшысы Олимпиада финалына шықты
Мұнарбек Сейітбекұлының финалға шығуының өзін қырғыз халқы үшін тарихи жеңіс деуге болады. Себебі Қырғызстан тарихында бокстан алтын немесе күміс медаль алмақ түгілі қола медаль алған боксшы жоқ. Мұнарбек Сейітбекұлы ақтық бәсекеде өзбекстандық Абдумалик Халоковпен алтын мед

Мұнарбек Сейітбекұлының финалға шығуының өзін қырғыз халқы үшін тарихи жеңіс деуге болады. Себебі Қырғызстан тарихында бокстан алтын немесе күміс медаль алмақ түгілі қола медаль алған боксшы жоқ.
Мұнарбек Сейітбекұлы ақтық бәсекеде өзбекстандық Абдумалик Халоковпен алтын медальге таласады.
Қазақстан ұлттық құрамасы бұл ойындарды бір күміс (Нұрбек Оралбай) және бір қола (Назым Қызайбай) медальмен аяқтады.
Мұнарбек 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Қырғыз боксшысы финалдың 1/8 кезеңінен бастап, 1 тамызға қараған түні кубалық Сайдель Хортаны ширек финалда жеңген.
4 тамызға қараған түні Сейітбек уулу АҚШ-тың әлем чемпионы Джамал Харвиге қарсы айқасып, тағы да жеңіске жетті.
9 тамызға қараған түні ол өзінің жартылай финалдық жекпе-жегін өткізді. Қырғызстандықтың қарсыласы Болгариядан келген Хавьер Ибанес Диас болды.
Үш раундтың қорытындысы бойынша Мұнарбекке жеңіске жетті.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·