Қырғыз Президенті 4 сынып оқушысына өз телефонын сыйға тартты
Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Күлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Бұған дейін әлеуметтік желілерде

Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров 17 желтоқсанда Ош облысы, Қара-Күлжа ауданы, Қоо-Чаты ауылындағы «Айдын-Кол» бастауыш мектебінің 4 сынып оқушысы Нұрзаман Алмазбековті қабылдаған, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде оқушының қар омбылап оқуға бара жатқан сәті түсірілген видео тараған еді. Онда 4 сынып оқушысы қар қалың болса да (шамамен 1 метрге жуық), қиналып жүрсе де, мектепке қарай табандылықпен бара жатады. Президент Садыр Жапаров бұл видеоны көріп, баланың қиын жағдайда да оқуға ұмтылғанын жоғары бағалады.
Ол Нұрзаманды президенттің жаңа жылдық мерекелік шыршасына шақырып, бүгін оған жеке өзі сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар президент оқушыға өзінің ұялы телефонын берді.
Мемлекет басшысы бұл баланың өзіне балалық шағын еске салғанын айтты: ол да бала кезінде алыстағы Кен-Суу ауылында қарды кешіп, мектепке барған екен.
Кездесу соңында президент Садыр Жапаров Нұрзаманға үлкен табыс тіледі.
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·