AgiBot компаниясының A2-W модельді роботтары зауыттағы логистикалық жұмысты дерлік қателіксіз атқарды,деп хабарлайды Todayinfo.
Қытайдың Шанхай қаласындағы AgiBot (Zhiyuan Robotics) компаниясы жасаған гуманоид (адамтектес) роботтар тобы Сычуань провинциясындағы Мяньян қаласында орналасқан автобөлшектер зауытында өндірістік сынақтан сәтті өтті. Бұл туралы халықаралық БАҚ хабарлады.
Embodied AI (дене формасына енгізілген жасанды интеллект) технологиясымен жабдықталған A2-W моделі роботтар зауытқа бір ай бұрын орнатылған. Олар үш сағаттық тікелей эфир кезінде екі толық логистикалық ауысымды қателіксіз орындап шыққан. Әр робот бір ауысымда 800-ден астам жәшікті өндірістік нүктелер арасында тасымалдап үлгерген.
Сарапшылардың болжамынша, 2030 жылға қарай гуманоид роботтардың жылдық жаһандық сатылымы 1 миллион данаға жетуі мүмкін. Сонымен қатар, өндіріс көлемі артқан сайын бір құрылғының өзіндік құны 17 000 АҚШ долларынан төмен болады деп күтілуде.




