«Қыздарға қырындаған»: Олимпиада ойындарынан қола медаль алған Мысыр балуанын франция полициясы қамауға алды
Мысырлық балуан Парижде қамауға алынды. Мысыр құрамасының балуаны Мохамед Эльсайед Париждегі кафелердің бірінде бейтаныс әйелге қырындаған. Енді ол жеңісін елінде тойлай алмай, түрмеге кетуі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo. Француз полициясы грек-рим күресінен Мысыр

Мысырлық балуан Парижде қамауға алынды. Мысыр құрамасының балуаны Мохамед Эльсайед Париждегі кафелердің бірінде бейтаныс әйелге қырындаған. Енді ол жеңісін елінде тойлай алмай, түрмеге кетуі мүмкін, деп хабарлайды Todayinfo.
Француз полициясы грек-рим күресінен Мысыр құрамасының мүшесі Мохамед Эльсайедті жыныстық зорлық жасады деген күдікпен ұстағанын Le Parisien газеті жазды. Оқиға 9 тамызда жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 4:30 шамасында Аустерлиц жағалауында болған. Спортшы Париждің 13-ші ауданында кафеден мас күйінде шығып, көшедегі бейтаныс әйелдің құйрығына жабысқан.
Прокурорлар жыныстық зорлық-зомбылық деп бағалап, жәбірленушінің арызы бойынша тергеуді бастады. 26 жастағы Эльсайед грек-рим күресінен Токио Олимпиадасының қола жүлдегері (67 келіге дейін).
Фото: Tom Pennington / Getty Images
Related

World
Румынияда Ресей дроны тұрғын үйге құлап, екі адам зардап шекті
Айғаным Нариманова·

World
Орманға жапырақ теруге барған: Үндістанда жолбарыс төрт әйелді талап өлтірді
Айдар Керім·

World
US and Iran Reach 'Principled Deal' on Hormuz Strait: NYT
Todayinfo редакциясы·

World
Decision on Iran: Trump names deadline for resuming military actions
Todayinfo редакциясы·