«Биылғы меже – жақсы жағдайдағы жолдардың үлесін 95 пайызға жеткізу. Былтыр жөндеуден өткен жолдардағы кемшіліктерді жедел қалпына келтіріп, бөлінген қаржының толық игерілуін қамтамасыз ету қажет. Автомобиль жолдары мен көшелерді салу, жөндеу жұмыстарының сапасын қатаң бақылауға алыңыздар. Жобалардың мерзімінде аяқталуы басты назарда болуы тиіс», – деді облыс әкімі.Облыс аумағында 3545 шақырым жергілікті маңызы бар автомобиль жолы бар. Оның ішінде: ✅ 1024,5 шақырымы – республикалық маңызы бар жолдар ✅ 555 шақырымы – облыстық маңызы бар жолдар ✅ 1965,5 шақырымы – аудандық маңызы бар жолдар Өткен жылы жол жөндеуге 44,7 млрд теңге бөлініп, 300 шақырымнан астам жол мен көпір өткелдері жөндеуден өтті. 2024 жылы бұл мақсатқа 33,6 млрд теңге қарастырылып, 329 шақырым жол, көшелер мен көпір өткелдерін жөндеу жоспарланған. 2023 жылдың қорытындысы бойынша облыстық және аудандық маңызы бар жолдардың сапалық көрсеткіші 92,5% болса, биыл бұл көрсеткішті 95%-ға дейін арттыру көзделген. Өңір басшысы жолдардың сапасын бақылау, жобалардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету және қаржының тиімді игерілуіне баса мән беру қажеттігін қадап айтты.
Қызылорда облысында жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі талқыланды
Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. Жиын барысында жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді,деп хабарлайды Todayinfo. «Биылғы меже – жақсы жағдайдағы жолдардың үле

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен жиында жол инфрақұрылымын дамыту мәселесі қаралды. Жиын барысында жауапты сала басшылары мен аудан әкімдеріне нақты тапсырмалар берілді,деп хабарлайды Todayinfo.
Related

News
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысын өткізді
Жаннұр Еділбаева·

News
Государственный советник Ерлан Карин провел заседание Национальной комиссии Казахстана по делам ЮНЕСКО и ИСЕСКО
Жаннұр Еділбаева·

News
Пенсионные деньги должны обеспечивать старость, а не решать текущие проблемы — финансист
Жаннұр Еділбаева·

News
«Медиацияға дайынбыз»: Freedom Finance ҚазТАГ-тан кінәсін ресми түрде мойындауды талап етті
Жаннұр Еділбаева·