Todayinfo.kz
RegionsView all articles

Қызылорда облысында Жосалы кенті судың астында қалды

Фото: ТЖМ Қызылорда облысының Жосалы кентінде қардың қарқынды еруінен кейін кейбір көшелерді су басты, деп хабарлайды Todayinfo .  ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері, жергілікті атқ

By Мейіржан Әуелханұлы··1 min read
Қызылорда облысында Жосалы кенті судың астында қалды
Фото: ТЖМ Қызылорда облысының Жосалы кентінде қардың қарқынды еруінен кейін кейбір көшелерді су басты, деп хабарлайды Todayinfo ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына шұғыл түрде төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен полиция күштері жұмылдырылды.
«Жалпы, су тасқынының салдарын жоюға 150-ден астам адам мен 14 техника, соның ішінде мотопомпалар тартылды. Жедел қабылданған шаралардың арқасында жеке тұрғын үйлердің су астында қалуының алдын алу мүмкін болды. Қазіргі уақытта ерілген қар суын сору және бұру жұмыстары толық аяқталды, жағдай тұрақты», — делінген хабарламада.

Related

Қызылорда облысында Жосалы кенті судың астында қалды · Todayinfo