Қызылордада 39 жастағы әйел дінаралық араздықты қоздырып, терроризмді насихаттағаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ол деструктивті діни ағымның жақтаушысы болған және TikTok желісінде экстремистік мазмұндағы аудио-видео материалдарды жариялап отырған.
Оперативті-іздестіру іс-шаралары кезінде күдікті облыстық ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҰҚК департаменті қызметкерлерінің қолына түсті.
Оған ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы (араздық қоздыру) және 256-бабы (терроризмді насихаттау) бойынша айып тағылды. Сараптама қорытындылары негізінде сот әйелді кінәлі деп танып, Қызылорда қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.




