Қызылорда қаласында Көрісу күніне орай мерекелік шара ұйымдастырылды
Қызылордада «Наурызнама» онкүндігі Көрісу күнінен басталды. Сауда орталығында өткен шарада филармония концерті қойылып, «Бауырсақ пати» өтті.

Қызылорда облысында «Наурызнама» онкүндігінің алғашқы күні – «Көрісу-Амал» мерекесі ерекше аталып өтті. Қала орталығындағы ірі сауда үйінде концерт ұйымдастырылып, тұрғындарға ұлттық тағамдар ұсынылды, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі.
Мерекелік шара 14 наурызда «Aray City Mall» ойын-сауық орталығында басталды. Облыстық филармония өнерпаздары «Көктеммен келген көрісу» атты концерттік бағдарламасын ұсынып, халық әндері мен ұлттық нақыштағы туындыларды орындады.
Концертпен қатар, шара қонақтары мен қала тұрғындары үшін «Бауырсақ пати» ұйымдастырылды. Келушілерге арнайы жайылған дастарқаннан бауырсақ пен басқа да ұлттық тағамдардан дәм ұсынылды. Жиналған қауым бір-бірімен көрісіп, игі тілектерін білдіріп, мерекенің шырайын келтірді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл шараның басты мақсаты – ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, тұрғындар арасындағы рухани бірлікті нығайту және Наурыз мейрамының маңызын кеңінен насихаттау.
Фото: Әлеуметтік желіден
Related

Kyzylorda Region
Қызылорда облысындағы Ақжарма елді мекені тұрғындары табиғи газ тұтына бастады
Жаннұр Еділбаева·

Kyzylorda Region
New sports complex opened in Kazaly district
Todayinfo редакциясы·

Kyzylorda Region
Ауылда чемпиондар тәрбиеленеді: Қожабақыда жаңа спорт кешені ашылды
Жаннұр Еділбаева·

Kyzylorda Region
Қармақшыдағы қызу кеңес: заңнамалық өзгерістер мен жаңа конституция талқыланды
Айдар Керім·