Қызылорда қаласының тұрғыны, 40 жастағы Ажаркүл Төлегенова оныншы сәбиін аман-есен дүниеге әкеліп, көпбалалы аналар қатарын толықтырды. Енді Төлегеновтер отбасында 5 ұл мен 5 қыз өсіп жатыр, деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.
Қуанышты жаңалықты алғаш болып перзентхана дәрігерлері мен отбасының жақын туыстары жеткізді. Ажаркүл ханым ана болудың маңызын ерекше атап, дәрігерлерге алғысын білдірді.
Ана болу — үлкен жауапкершілік. Дәрігерлерге шын жүректен ризамын, — деді ол.
Отбасындағы тұңғыш бала бүгінде 16 жаста және студент атанған. Одан кейінгі 4 қызы мен 1 ұлы мектеп жасында оқып жүр. Ал кенжелері әзірге ата-анасының қарауында.
Отбасымыздың тірегі – жолдасым. Ол өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азамат. Жанұямыздың барлық қажеттілігін қамтамасыз етіп, балалардың болашағы үшін аянбай еңбек етіп келеді, — деді Ажаркүл Төлегенова.
Қоғамда көпбалалы аналардың орны ерекше. Олар — отбасылық құндылық пен ұлттық тәрбиенің тірегі саналады.




