Todayinfo.kz
NewsView all articles

Рамзан Қадыров ұлына жаңа қызмет берді: Шешенстанда вице-премьер міндетін атқарады

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Ахмат Қадыровты үкімет төрағасының орынбасары міндетін атқарушы етіп бекітті.

By Мұхтар Жексенбай··2 min read
Рамзан Қадыров ұлына жаңа қызмет берді: Шешенстанда вице-премьер міндетін атқарады
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров ұлы Ахмат Қадыровты республика үкіметі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы етіп тағайындады, деп хабарлайды Todayinfo ақпарат агенттігі. Қадыровтың жазбасына қарағанда, бұл кадрлық өзгеріс 2026 жылдың басында үкімет құрылымында жасалды. Ахмат Қадыровқа сонымен бірге дене шынықтыру және спорт министрі қызметі жүктелді.
"Достар, 2026 жылды Шешенстан үкіметі құрылымында шағын кадрлық өзгерістермен бастадық. Шешенстан үкіметі төрағасы Мағомед Даудовтың ұсынысымен Ахмат Қадыров Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы – дене шынықтыру және спорт министрі болып тағайындалды. Сондай-ақ Ахмед Дудаевты Шешенстан үкіметі төрағасының орынбасары міндетін атқарушы – ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат министрі етіп бекітуді жөн көрдім", – деп жазды Рамзан Қадыров.
Осы қызметке ұлттық саясат және ақпарат саласына жауапты министр Ахмед Дудаев та вице-премьер міндетін атқарушы ретінде тағайындалды. Ол ұлттық саясат, сыртқы байланыстар, баспасөз және ақпарат бағытын қатар алып жүреді. Ахмат Қадыров 2005 жылы туған. 2022 жылдан бері ол Шешенстан басшысының кеңесшісі болды және балалар мен жастар қозғалысы "Бірінші қозғалыс" аймақтық бөлімшесінің кеңесін басқарды. 2023 жылдың қарашасында Ахмат Қадыров дене шынықтыру, спорт және жастар саясаты министрінің бірінші орынбасары қызметіне келді. 2024 жылғы 17 ақпанда жастар ісі жөніндегі министр болды. 2024 жылғы 21 мамырда дене шынықтыру және спорт министрі қызметіне қайта тағайындалды. 23 мамырда "Ахмат" футбол клубының президенті қызметін алды. Ол сондай-ақ Шешенстандағы жастар саясаты саласының еңбек сіңірген қызметкері атағына ие.

Related

Рамзан Қадыров ұлына жаңа қызмет берді: Шешенстанда вице-премьер міндетін атқарады · Todayinfo