Todayinfo.kz
NewsView all articles

Рэпер Qurt-тың жары күйеуінің ұрып-соққаны туралы жария етті: зорлық белгілері мен қорқыныштар

Қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев)-тың жұбайы Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желідегі парақшасында зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. Ол денесінде көгерген жарақаттар бар суреттерді жариялап, күйеуінің әрекеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді,деп хабарлайды  Today

By Айғаным Нариманова··1 min read
Рэпер Qurt-тың жары күйеуінің ұрып-соққаны туралы жария етті: зорлық белгілері мен қорқыныштар

Қазақстандық рэпер Qurt (Дамир Қойшыбаев)-тың жұбайы Аружан Қойшыбаева әлеуметтік желідегі парақшасында зорлық-зомбылыққа ұшырағанын мәлімдеді. Ол денесінде көгерген жарақаттар бар суреттерді жариялап, күйеуінің әрекеті туралы егжей-тегжейлі айтып берді,деп хабарлайды Todayinfo ақпараттық агенттігі.

"Мені бір сағат бойы белбеумен сабады"

Оқиға 2024 жылдың 27 маусымында орын алған. Аружанның айтуынша, сағат таңғы 10-да басталған соққы бір сағатқа созылған.

«Ол мені белбеумен сабай бастады, белбеу үзіліп қалғанда, басқа белбеумен жалғастырды. Мен пәтерден қаша алмай, «Көмектесіңдер, мені өлтіріп жатыр!» деп айқайладым. Көршілер дауысымды естіп, құтқарып қалды», – деп жазды жәбірленуші.

Қысым мен қорқыныш

Аружан Қойшыбаева бұл жағдай туралы айтуға ұзақ уақыт қорыққанын, өйткені күйеуін шексіз жақсы көргенін, алайда Qurt өз ісіне еш өкінбегенін айтады.

«Ол достарымен келіп, мені видеоға түсіріп, «шағымым жоқ» деп айтуға мәжбүрледі. Кейбір достары қоқан-лоқы көрсетіп жатыр. Мен не істерімді білмеймін», – дейді Аружан.

Қазіргі таңда жәбірленуші күйеуі елден қашып кетуі мүмкін деп алаңдайды және адвокаттардан көмек сұраған.

Related

Рэпер Qurt-тың жары күйеуінің ұрып-соққаны туралы жария етті: зорлық белгілері мен қорқыныштар · Todayinfo