Ресейдің ұшағы Баку әуежайында қонуға мәжбүр болды
«Мәскеу-Дубай» рейсімен ұшқан ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев халықаралық әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі. Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, әуе кемесінің командирі жолаушыла

«Мәскеу-Дубай» рейсімен ұшқан ресейлік «Аэрофлот» әуе компаниясының ұшағы Бакудегі Гейдар Алиев халықаралық әуежайына мәжбүрлі түрде қонды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат агенттігі.
Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, әуе кемесінің командирі жолаушылардың бірінің денсаулығының нашарлауына байланысты шұғыл қонуды сұраған.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Boeing 737-800 ұшағы әуежайға жергілікті уақыт бойынша сағат 06:27-де қонды, жолаушыға дереу қажетті медициналық көмек көрсетілді.
Айта кету керек, Гейдар Әлиев халықаралық әуежайында төтенше жағдайларда жедел әрекет етуге дайындықты арттыруға және жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жаттығулар үнемі өткізіліп тұрады.
Related

News
Танымал журналист Мемлекет басшысының жетістіктерін атап өтті
Жаннұр Еділбаева·

News
Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты бірінші сот отырысы кейінге қалдырылды
Айғаным Нариманова·

News
Добывали песок со дна Тобола на 719 млн тенге: дело передали в суд
Жаннұр Еділбаева·

News
Видео в Instagram обошлось блогеру из Актау в 400 тысяч тенге
Жаннұр Еділбаева·