Ресейлік шахматшы жарыс кезінде қарсыласын улады
Турнир басталар алдында 40 жастағы шахматшы Әмина Абакарова (оң жақтағы фотода) 30 жастағы қарсыласы Ұмайғанат Османованы (сол жақтағы суретте) уландырғысы келген. Ол шахмат өтетін жерге келіп, жарыстағы қарсыласының үстелі мен тақтайына сынап жағып кеткен. Турнирде қарсыла

Турнир басталар алдында 40 жастағы шахматшы Әмина Абакарова (оң жақтағы фотода) 30 жастағы қарсыласы Ұмайғанат Османованы (сол жақтағы суретте) уландырғысы келген. Ол шахмат өтетін жерге келіп, жарыстағы қарсыласының үстелі мен тақтайына сынап жағып кеткен.
Турнирде қарсыласының жағдайы күрт нашарлап, басы айналып, медициналық көмек қажет болды. Абакарованың қылмысы видеоға түсіп қалған. Ол жарыстардан шеттетілді.
Қазір осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалса, Абакарова үш жылға сотталуы мүмкін. Ал Ұмайғанат Османованы чемпионатта өзін нашар сезінгеннен кейін, үйіне жіберілді. Содан кейін ол жарысқа қайтып келіп, екінші орынды иеленді.
Related

World
Сол жақ моторы істен шыққан: 200 жолаушысы бар ұшақты найзағай соқты
Айғаным Нариманова·

World
Молния ударила в самолет с более чем 200 пассажирами
Айғаным Нариманова·

World
Газа аймағында 56 мың бала жетім қалды
Айғаным Нариманова·

World
Анталияда 18 жастағы қазақстандық қыз қаза тапты
Айғаным Нариманова·