Фото: Ақорда
Қазақстан Республикасы Президентінің экс-баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпарат порталы.
— ҚР Президентінің бұрынғы көмекшісі — Президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Мемлекет басшысының штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, — делінген хабарламада.
Руслан Желдібай Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде (2010), Уорик университетінде (Ұлыбритания) білім алған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.




