Түркістан облысында сабақ кезінде оқушылардың карта ойнауына байланысты мектеп басшылығы түгелге жуық жауапқа тартылып, бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы.
Оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев атындағы мектепте болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода 11-сынып оқушылары сабақ үстінде карта ойнап отырғаны көрінеді. Сол сәтте сыныптағы бастапқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі жағдайға мән бермей, телефонмен сөйлесіп отырған.
Аталған жағдайдан кейін білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізген. Нәтижесінде мектептегі тәртіп пен бақылаудың әлсірегені анықталып, жауапты тұлғаларға қатысты шешім қабылданды.
Тексеріс қорытындысы бойынша мектеп директоры тараптардың келісімімен қызметінен босатылған. Оқиғаға жол берген педагог өз еркімен жұмыстан кеткен. Сонымен қатар тәрбие ісі және оқу ісі жөніндегі директордың орынбасарлары да қызметтерінен шеттетілген.
Бұл оқиға тек мектеп ұжымымен шектелмей, оқушылардың ата-аналарына да әсер етті. Карта ойнаған жоғары сынып оқушыларының ата-аналарына ресми ескерту берілген.
Білім бөлімі тарапынан жауапты тұлғалардың әрекеттеріне құқықтық баға беріліп, кінәлілерге қатысты тәртіптік және заңда көзделген өзге де шаралар қабылданатыны айтылды.
Фото: qyzylqoga.kz
Сабақтағы санасыздық: сыныпта карта ойнаған оқушылардың кесірінен директор қызметінен кетті
Фото: © freepik.com Түркістан облысында сабақ кезінде оқушылардың карта ойнауына байланысты мектеп басшылығы түгелге жуық жауапқа тартылып, бірқатар лауазымды тұлғалар қызметінен кетті, деп хабарлайды Todayinfo.kz ақпараттық порталы. Оқиға Сарыағаш ауданындағы Мұқағали Мақатаев а

Фото: © freepik.com
Related

News
На территории будущего курорта Almaty SuperSki не нашли краснокнижных деревьев
Жаннұр Еділбаева·

News
«Төсегімнен ине, себілген тұз секілділер таптым»: Жігер Ауыпбаев бірінші әйелімен не себепті ажырасқанын айтты
Айғаным Нариманова·

News
В Астане мужчину осудили на три года за фейк о насилии в армии
Жаннұр Еділбаева·

News
Казахстанцев начнут уведомлять о компрометации персональных данных
Жаннұр Еділбаева·